15-ші наурыздан бастап Меркурий кері қозғалыс фазасына енді. Бұл кезеңде көбіне техника жиі істен шығып, жақындармен қарым-қатынас нашарлап, күтпеген қиындықтар туындауы мүмкін. Әрине, барлығымызға оңай тимейді, бірақ басымызға түскен сынақ бізді мықты ете түспек. Дәл осы жұлдыз-жорамал сізге аптаңызды қалай тыныш әрі сәтті өткізуге болатынын айтып береді.

Тоқты

Сіз тағдыр дайындаған барлық қиындықтарды еңсере аласыз. Бірақ бір маңызды жайт бар – сабақ алып, бұрынғы қателіктерді қайталамау керек. Әйтпесе, нәтиже тағы да көңіл көншітпейтін болады.

Торпақ

Жақында сіз қаржылай пайдаға ие боласыз. Осы сәттен бастап оны қалай тиімді жұмсап, тұрақты табысқа айналдыру керектігін ойластырыңыз. Қазір босқа ақша шашып, сән-салтанатқа берілетін уақыт емес. Барлығы өз уақытымен.

Егіздер

Нағыз бақытқа жету үшін өз шығармашылық қабілетіңізді ашуыңыз қажет. Әйел заты жаратылысы бойынша жаңа дүниелерге құмар. Креативті оятқан сәтте істеріңіз оңала бастайды.

Шаян

Торпақтар сияқты сізге де қаржылық мәселеде мұқият болған жөн. Қымбат, бағалы, бірақ аса қажет емес заттарды сатып алуға асықпаңыз. Трендтер көп нәрсені талап етуі мүмкін, бірақ ақылмен шешім қабылдаңыз.

Арыстан

Жұмыста тиімді орынға ие болу мүмкіндігіңіз жоғары. Бұл жай ғана сәттілік емес – соңғы бірнеше айда сіз басшылықтың көзіне түсу үшін көп еңбек еттіңіз. Осы қарқынмен жалғастырыңыз!

Бикеш

Өзіңізді күшке толы, энергияңыз тасып тұрғандай сезінесіз. Бірақ бұл – иллюзия. Шын мәнінде, демалыс қажет. Үй шаруасымен айналысыңыз, табиғат аясында серуендеп, ойыңызды жинақтаңыз. Музыкасыз, телефондағы хабарламаларға жауап бермей, өзіңізбен жалғыз болуға тырысыңыз.

Таразы

Керемет жаңалық! Алдағы апта сіз үшін өте сәтті болмақ. Жұмыста тәуекелге барып, батыл қадамдар жасаудан қорықпаңыз. Жоспар құрып, мақсатқа жету жолында әрекет етіңіз!

Сарышаян

Осы аптадағы әрекеттеріңіз болашақ бірнеше айға әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір шешімді ойланып, мұқият қабылдаңыз. Сабырлық пен салқынқандылық сізге көмектеседі.

Мерген

Адамдарды өзіңізге тарту қабілетіңіз – сізге берілген үлкен сый. Осы аптада айналаңыздағы адамдар сізге сенім артады. Бірақ бұл сенімді ақтау – сіздің қолыңызда. Егер бір міндетті орындауға күмәніңіз болса, оны мойныңызға алмаңыз.

Тауешкі

Бәсекелестер пайда болып, сіздің жетістіктеріңізді қызғанатындар көбейеді. Сол себепті жетістіктеріңізді әркімге айта бермеңіз, әсіресе шынайы досыңыз емес адамдарға.

Суқұйғыш

Жеке өміріңізге көңіл бөліңіз. Сүйіктіңіздің сіздің назарыңыз бен қамқорлығыңызға мұқтаж екенін ескеріңіз. Ал егер әлі жалғыз болсаңыз, жақын арада сізді кездесуге шақыруы мүмкін. Бұл адам сіздің өмірлік серігіңіз болып қалуы ғажап емес.

Балықтар

Апта тыныш әрі тіпті сәл көңілсіз өтуі мүмкін. Егер адреналин жетіспейтіндей сезініп, күтпеген әрекеттерге барсаңыз, бұл жағымсыз жағдайға әкелуі мүмкін. Қазірше сабырлы, тәртіпті қыз рөлінде бола тұрғаныңыз жөн.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Дина Гайкова.