Гүлназ Жоланова Instagram парақшасында ағынан жарылды. Актриса декреттік демалысы туралы жазба жариялап, өзінің сезімдерімен бөлісті. Қазіргі таңда күйеуімен және ұлымен Дубайда тұратын өнер иесі барлық аналарға деген құрметін осылай білдірді.
«Ана атанғаныма жарты жылдан асқанда ғана өз-өзіме келе бастадым. Денем де, ойларым да қалыпқа келе жатыр. Қазір өзімді күшті сезінемін, шығармашылықпен айналысқым келеді – тіпті жаңа қырымнан ашылуға да дайын сияқтымын.
Шынымды айтсам, декретте жүргенде бұлардың ешқайсысын қалаған жоқпын. Жаным тыныштықты қалады. Мен де өзіме оны сыйладым, ішкі қалауымды елемей қоймадым.
Барлық аналарды құшақтадым.» , — дейді Жоланова.
Еске салсақ, Гүлназдың Тарлан есімді ұлы бүгінде 1 жастан асты.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото: Instagram @zholanova_gulnaz