Зерттеу нәтижесінде People басылымының хабарлауынша, газдалған су арықтауға көмектесе алатыны анықталған. Бұл оның құрамындағы көмірқышқыл газының (CO₂) әсерімен түсіндіріледі: CO₂ эритроциттерде глюкозаның сіңірілуі мен метаболизмін жақсартады, соның нәтижесінде қанттың май түрінде жиналуы азаяды.
Бұдан бөлек, газдалған су тәбетті басатын құрал ретінде де әсер етуі мүмкін. Минералды су асқазанның кеңеюіне себеп болып, тоқтық сезімін арттырады және аштықты азайтады. Алайда ас қорыту жүйесінде мәселесі бар адамдар үшін, мысалы, тітіркенген ішек синдромы немесе гастроэзофагеалды рефлюкс ауруы барлар үшін, газдалған сусындар керісінше, ісіну мен жайсыздықты күшейтуі мүмкін.

Фото. Pexels. Автор. Ecuen Images
Соған қарамастан, тек газдалған судың көмегімен артық салмақтан арылу мүмкін емес. Оның арықтауға әсері тым аз, сондықтан тек көмірқышқыл газының әсеріне сену орынсыз. Салмақ тастау үшін теңгерімді тамақтану мен тұрақты дене белсенділігі – басты әрі шешуші факторлар болып қала береді.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Pexels. Автор. Pixabay.