Әйелдер арасындағы достық туралы пікір сан алуан: біреулер оның жоқ екеніне сенсе, басқалары керісінше ойда. Десе де бұл мәселе адамдардың өзіне байланысты екені сөзсіз. Нәзік жандылар бір-бірімен жақын қарым-қатынас қалай қалыптасатыны туралы ой жүгірту қызық, бірақ оны сырттай бақылау одан да әсерлі.
«Бәйбішелер клубы», (1996 жыл)
Фильм үш әйелдің бастан кешкен оқиғасын баяндайды. Сылқымдар бұрынғы күйеулерінен кек алу үшін бірікпек. Жалғыз қалып қайғырудың орнына, кейіпкерлер жағдайды өз қолдарына алып, әйелдер ынтымақтастығын құрып, проблемаға барынша әзілмен қарауға тырысады.
«Басқа әйел», (2014 жыл)
Аталмыш фильмде әйелдерді алдауға болмайтынын дәлелдейтін тағы бір оқиға көрсетіледі. Үш әйел бір ер адамның құрбанына айналғанын білген сәтте бірігіп, сатқындық жасаған сүйіктілерін жазалауға шешім қабылдайды.
«Мырзалар сары аруларды ұнатады», (1953 жыл)
Мэрилин Монро мен Джейн Рассел басты рөлдерді сомдаған культтық фильм. Сюжет желісі бойынша Лорелай мен Дороти – махаббат пен байлықты армандап круизге аттанған екі құрбы. Олардың өмірге деген көзқарастары әртүрлі болғанымен, достықтары берік. Жарасымды коннект барлық қиындықтарды бірге жеңуге көмектеседі.
«Вегастағы қызойнақ», (2011 жыл)
Бас кейіпкердің жеке өмірінде ретсіздік орын алмақ, сондықтан оның көңіл көтеруге еш зауқы жоқ. Бірақ ол өз мәселелерін уақытша ұмытуға тура келеді. Себебі Энни жақын құрбысының үйлену тойында қалыңдықты қолдап жүрген серігі ретінде бой көрсетеді. Осылайша қызықты оқиға басталады.
«Келіндер шайқасы», (2009 жыл)
Эмма мен Лив – бала кезден бері дос. Уақыт өте келе олар бір-бірінің қарсыласына айналады. Себебі екеуінің де үйлену тойлары бір күнге белгіленеді және армандаған тойдың орны біреу-ақ. Тағдырдың бұл сынағы олардың достығына нұқсан келтіре ме?
«Sex and the City», (2008 және 2010 жылдары)
Әйелдер достығы туралы фильмдер тізіміне бұл культтық жобаны қоспау мүмкін емес. Көпшілік білетін сериалдан бөлек, «Sex and the City» атты толықметражды фильмдері де бар. Әр бөлімде Кэрри, Саманта, Шарлотта және Миранда бір-біріне адал болып қала бермек. Олар өмірдің қиындықтарына қарамастан, әрдайым бірін-бірі қолдайды, мұндай достық көптеген қыздарға шабыт беретіні анық.
«Desperate Housewives», (2004-2012 жылдар аралығы)
Тізімде тағы бір жобаны атап өткіміз келеді – бірақ бұл фильм емес, телехикая – «Desperate Housewives». Драма, комедия және детектив элементтері тоғысқан сериалда Вистерия Лейн көшесінде өмір сүретін әйелдердің оқиғалары баяндалады. Көз тартарлық аулалар мен жылы күлкілердің астарында құпия, құмарлық және интрига жасырынған.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Shutterstock.com. Автор. wavebreakmedia