«Ас бөлмеде отырмын, тамақ жей беремін. Қазір 63 келімін Құдайға шүкір. Туғанымша қанша болар екенмін». Ерке Есмаханның қазіргі көңіл-күйі осындай. Екінші сәбиіне аяғы ауыр әнші инстаграм парақшасында жүктілігінің қалай өтіп жатқанымен бөлісті. 38 жасқа келіп бала көтерген сылқым: «күн өткен сайын артық салмақ қосып жатырмын», — дейді. Бастапқы мерзімде Есмаханның мүсіні бірқалыпты, бірақ әнші уақыт өте тағы салмақ қосатынын жасырмайды. Еске салсақ, осыдан 3 апта бұрын Ерке мен RaiM ата-ана атанатындарын «Bul mahabbat» атты бейнебаяндары арқылы жариялаған болатын.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan

Поделиться: