«Әншіліктен кеттім». Соңғы кездері өнерден түбегейлі кеткен Айдана Меденова сахнаға неге шықпайтын ашып айтты. Дін жолына түсіп, орамалға келген өнер иесі сахнаға шығу шариғатқа қарсы екенін түсінгенін айтып, инстаграм stories-ында фолловерлеріне жауап берді. 

Айданаға сондай-ақ, «Қазақ қыздары хиджаб кимеген дегендерге не айтасыз?» дегене сауал түсті. Меденова мұндай сұрақтарға қатысты пікір білдіре алмаймын деп отыр. Экс-әншінің айтары мынадай:  

«Ештеңе айта алмаймын, әр адам өзі келеді ғой.  Именно хиджаб киме деп тірелетін адамдардың көбісі вообще шариғат бойынша өмір сүрмейтін адамдар. Хиджаб – деген сөз гегізі «преграда» деп аударылады».

Меденова осылайша, орамалға келу әр адамның өзінің таңдауы болған дұрыс екенін айтып, ешқандай сынға көңіл аудармау керек екенін алға тартады.  Айдананың пікірінше бастысы жүрегіңдегі сенім.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aidanamedenova_officialpage

Поделиться: