Бір нәрсе сатып алғаннан кейін өміріңіз жақсара түскенін байқаған кездеріңіз болды ма? Себебі кейбір заттар шын мәнінде сәттілік әкеледі. Егер олар біздің киелі орнымыз – үйімізде болса, олардың күші одан сайын артады. Бірақ әр зодиак белгісі үшін мұндай зат әртүрлі. Төменде сізге лайықтысын айтып береміз.
Тоқты
Жақын жандармен түскен фотосуреттер – бұл белгінің өкілдеріне депрессияны жеңіп, жағымды энергия алуға көмектеседі. Естеліктерге қарап, қандай мақсаттарға ұмтылу керек екенін еске түсіресіз.
Торпақ
Өткеннен қалған сүйікті затыңыз сіздің бойтұмарыңызға айналады. Бұл қарапайым қалам, брелок немесе тіпті гауһар сақина сияқты бағалы зат болуы мүмкін.
Егіздер
Қарама-қайшылықты бейнелейтін мүсіншелер сатып алыңыз. Мысалы, инь мен ян, от пен мұз, ақ және қара мысықтар – осындай кез келген зат сәттілік әкелуі мүмкін.

Шаян
Мини-фонтан табу оңай болмайды әрине, бірақ оны мүмкіндігінше тезірек алуға кеңес береміз. Сол кезде сіз ішкі тепе-теңдікті сақтап, толықтай босаңсый аласыз.
Арыстан
Өз күшіңізді ешқашан ұмытпаңыз! Үйіңізге бокс қолғабын іліп қойыңыз немесе тумбаға ат бейнеленген мүсінше қойыңыз. Мұндай қадам сізді кез келген комплекстерден арылуға көмектеседі.
Бикеш
Дәл осы белгі өкілдері бәрін бақылауда ұстағанды жақсы көреді, бірақ құмсағат оларға әр нәрсенің өз уақыты бар екенін еске салып тұрады. Өмірді асықпай, өз ырғағыңызбен сүріңіз.

Таразы
Сіз сұлулықты терең сезінесіз, бірақ кейде ішкі үйлесімділікті жоғалтып аласыз. Сондықтан үйіңізде табиғат көрінісі немесе абстракция бейнеленген картина болуы керек.
Сарышаян
Сәттілік оны құрметтегендерді ұнатады. Классика бойынша: төрт жапырақты жоңышқа немесе таға бейнеленген картина сізге жақсылықтың алыс емес екенін еске салып тұрады.
Мерген
Үйіңізде «даңқ бұрышын» жасаңыз. Оған алған марапаттарыңызды, грамоталарыңызды немесе сізге арналған жылы лебіздер жазылған ашықхаттарды қойыңыз. Осылайша, мотивацияңыз ешқашан жоғалмайды.

Тауешкі
Туған күніңізге сәйкес табиғи тас түрін анықтап, оны сатып алып, шкафта сақтаңыз. Агат, малахит, нефрит, тау хрусталі – кез келгені жарайды.
Суқұйғыш
Айтуынша, үйге көгершін ұшып кірсе, бұл сәттілік әкеледі. Бірақ оны күтудің қажеті жоқ – жай ғана көгершін мүсіншесін сатып алыңыз.
Балықтар
Үйіңізде теңіз немесе алтын балық бейнеленген картина тұрса, ол сізге жылулық пен тыныштық сыйлайды.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Данил Ярощук.