Eraholic лақап атымен танымал битмейкер «Blackpink» тобындағы Lisa мен әнші Rosalia бірігіп ұсынған «New woman» трегін өңдеді. Музыкант әлемге әйгілі қос жұлдыздың жаңа әніне бит жазған. Туынды YouTube видеохостингінде 38 миллионнан астам қаралым жинап үлгерді.

Еске салсақ, Ерқанат Садуханов бұған дейін Дуа Липаның «Illusion» атты композициясына атсалысқан болатын. Бүгінде музыкамен белсенді айналысып жүрген Eraholic — Абай облысы Қарауыл ауданындағы мектептегі мұғалімдік қызметін тоқтатқан жоқ. Ол әлі күнге дейін биология пәнінен оқушыларға сабақ береді.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @eraholic

Поделиться: