Айсұлтан Сейітов тырнақалды туындысын шетелдік көрермендерге ұсынбақ. Жас режиссер Франция елінің Париж қаласында «Қаш» фильмінің жабық көрсетілімін өткізетінін мәлімдеді. Киногер этно хоррор жанрында таспалаған лентасын сондай-ақ, әлемдік кинофестивальдерге де жіберемін деп отыр. Айсұлтанның алғашқы толықметрін отандық көрермен 1-желтоқсаннан бастап 1,4 ай уақыт бойы үлкен экрандардан тамашалаған болатын. Картина отандық прокатта кем дегенде 100 миллион теңгеден астам кіріс көрді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.
Поделиться: