«Осы жылы махаббатымды кездестірдім!» Индира Еділбаеваның өткен жылға алғысы шексіз. Әнші 2022-де өзінің сүйіктісін кездестіргенін айтып, инстаграм парақшасында ағынан жарылды. Алғаш рет жеке өмірі туралы сөз қозғаған сылқым, Камалдин есімді жігітпен көңіл қосқанын да жария етті. Еске салсақ, сері The Limba, Moreart, Ayau, Lili сынды әншілердің менеджері.
«2023 жылды сенімен қарсы алатыныма қуаныштымын, көккөзім!» Жаңа жыл түні, шындығымен бөліскендер арасында Фариза Ескермес те бар. «Джейран» тобының экс-әншісі фолловерлерін сүйіктісімен таныстырды. Блогер ғашығымен өткізген ең бақытты сәттерінен видео үзінділер ұсынды. Алайда, Фаризаның өзге ұлт өкілімен көңіл қосқаны оқырмандарға ұнамаса керек. Себебі, Ескермес-тегінің постының астына жазылған хейт көп.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.