Шоу-бизнеста хит болған «Лашын», «КешYOU» топтарында өнер көрсеткен әнші Элизат Берікова алғаш рет жеке өмірі туралы ашылып сұқбат берді. Еске салсақ, 2021 жылы сылқым күйеуімен ажырасып, екі ұлын өзі қарамағына алып қалған еді. Элизат экс-сүйіктісімен ажырасу себебін «Мамский әңгіме» бағдарламасында мәлімдеді. Басты мәселе Эляның күйеуі көзіне шөп салғаны болған.

«Бұрынғы күйеуім көзіме шөп салды. Ажырасуымызға осы себеп болды. Сол уақытта сұлулық салонын ашып, жинала бастадым. Ол кезде заңды түрде ажырасып кетпеген едік. Ол уақытта «Мүмкін ұмытылар», «Кешіре аламын» , — деп, ажыраспай жүрдік. Ал салон ашқаннан кейін, мен екі баланы алып, ата-анамның үйіне кеттім. Қазір тек балалар үшін араласамыз. Сөйлеспеймін, желіде тек хат жазамыз», — деді Элизат Берікова.

Бүгінде 2 ұл тәрбиелеп отырған әнші әрі актриса, жүктілік кезінде де талай қиналғанын да жасырмады.

«Тойдың алдында мен екі ай бұрын жүкті болдым. Біз күтіп, арнайы дайындалмадық. Бірінші жүктілікте бес айдай токсикоздан қатты қиналдым. Жүктіліктің алтыншы айынан кейін бәрі жақсарды. Екінші жүктілігімде де токсикоз алты айға дейін созылды. Ол кезде бір балам бар, екіншісіне аяғым ауыр, өте қиын болды. Бірақ ол кезде анам көмектесті. Бірінші баламда перзентханада үш күн жаттым. Екі баламның арасы бір жыл, 17 күн. Бірінші балам екі айлық болғанда, екінші сәбиімді көтергенмін. Екінші сәбиіме жүкті екенімді ай айлық болғанда бір-ақ білдім. Екінші сәбиімді уақытынан ерте босандым. Үнемі ауруханада жаттым. Үлкенімді енем қарап беретін. Екінші баламды да сегіз айлық қылып, кесарь тілігімен босандым. Балам өздігінен демала алмайды, өкпесі толық жетілмеген. Екеуімізді екі бөлек жансақтау бөліміне алып кетеді. Солай жиырма күн бойы балама барып жүрдім», — деді Элизат Берікова.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @elizaberikova007 Автор @syzdykov.g

Поделиться: