Ерке Есмахан перзентханадан сәлемдеме жолдады. Бірнеше күн бұрын екінші мәрте ана атанған әнші қазіргі хал-жағдайымен бөлісті. Музыкант RaiM-ның тұңғышы — ұл. Бөбектің салмағы – 3,620 келі болса, бойы – 52 см, ал дүниеге есігін ашқан уақыты 23-қараша күні сағат 03:47-де.
«Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткізіп жатырмыз. Әрине тәтті күндер мен ұйқысыз түндер де қалыс қалар емес. Әсіресе түнде әкесі екеуміздің жағдайымыз мәз емес болайын деп тұр. Әзірге перзентханадамыз. Жағдайымыз Аллаға шүкір керемет. Бұйыртса 1-2 күнде үйге қайтамыз», — деп Ерке алғашқы эмоцияларымен бөлісті.
«Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі», — деп атұстары жайлы жазған Ерке, Раймның әке атанғаннан кейінгі көңіл-күйін де сипаттап берді:
«Бөпені еркелетіп, бағып, қасына ешкімді жолатпай, көтеріп қолға үйретіп жүрген кім екенін байқаған шығарсыздар, иә? Қызықтар алда бұйыртса, өзі көре жатыр».
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan