Райымбекұлы немесе Райымбекқызы? Бейнебаян арқылы көпшілікке жүкті екенін мәлімдеген Ерке Есмахан енді болашақ сәбиінің жынысын жария етуге әзір. Әнші сүйіктісі RaiM екеуі бөбектің қыз немесе ұл екенінен хабардар. Тек оқырмандарға арнайы жеткізу жолын ойластырып жүрміз дейді. Соған орай жұлдызды жұп gender party жасауды жоспарлап отыр.
«Өзіміз білеміз. Тек көпшілікке қалай жеткізетінімізді әлі ойластырмадық. Алла бұйыртса, болады», — деді Ерке өзінің инстаграм stories-ында.
Сондай-ақ, Ерке күйеуі Райымбек Бақтыгереевтың әке атанатынын естігенде қандай сезімде болғанын да айта кетті.
«Ондай сәтті түсіріп алмайды екенбіз. Әке болатынын естігендегі сезімін айта алмаймын. Айтпаймын. Қазір маған ұрысады», — деп жауап берді Ерке Есмахан.
Бірнеше күн бұрын алғаш рет ортақ «Bul mahabbat» атты дуэт ұсынған қос ғашық коллаборацияның идеясымен бөлісті. Ерке Есмаханның айтуынша тректі бірге шырқау РайМ-ның ұсынысы екен. Еске салсақ, туындыға арналған клип үш күннің ішінде 2 миллион қаралым жинап үлгерді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan