«Әлеміме сен келдің… Бізге тілеген тілектеріңізді Алла еселеп өздеріңізге қайтарсын». Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереевтың инстаграм парақшалары ерекше фотосессиямен толықты. Жұлдызды жұп үйлену тойын жасамаса да, қалыңдық пен күйеужігіт болып арнайы суретке түскен. «Ортақ шешіммен той жасамаймыз деп шештік. Отбасының бақытты болуы дүркіретіп той жасағанға немесе жасамағанға қарамайды екен», — дейді Ерке той жайында.
Ерке сондай-ақ, оқырмандары үшін жеке өміріндегі құпияларымен бөлісті. Әнші күйеуінің жүрегін қалай жаулап алғанын айтты. «Жаулайтындай дым істемедім. Керісінше, бар кемшілігімді, бар жаман мінезімді, көкбеттігімді көрсеттім. Сонда да «жақсы көремін» деп тұрып алды. Есесіне қазір майдай жұмсақпын. Бар жағдайын жасаймын. Қатты сұйемін. Өтірік мінсіз болуға тырыспаймын. Өйткені, жынды екенімді біледі. Қыздар, сондықтан сіз жігіттің емес, жігіт сіздің жүрегіңізді жауласын. Ұмытпаңыздар», – деп жауап берді Ерке Есмахан.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan