«ЖанҰя» Ерке Есмахан инстаграм парақшасында отбасымен жасаған ерекше фотосессиямен бөлісті. Таяуда ғана екінші сәбиін дүниеге алып келген әнші, ұлын қырқынан шығарғанын мәлімдеді. Бүгінде кішкентай Исламға 1 ай толып отыр. Алайда Райымбекұлының қырқынан шығару дәстүрі қалай өткенін Ерке жария етпеді.
Дәл осы жыл Ерке Есмаханның шығармашылығы жемісті болмаса да, әншінің жеке өмірінде көп өзгеріс орын алды. Эстрада жұлдызы жыл басында тұрмысқа шығып, жылдың соңында екінші мәрте ана атанды. Өнер иесі желіде арнайы пост жүктеп, 2023-ке алғысын білдірді.
«2023 ші жылдың қаңтары шаңырақ көтеруімізден басталып еді. Міне 2023 ші жылдың желтоқсаны кішкентай періштемізді қолымызға ұстап, 1 айға толған мерекесін тойлаумен аяқталып жатыр. Аллаға сансыз шүкір! 4 еу түгел болып, бұдан да көбейіп жылдан жылға аман-есен жете берейік. Баршаңызға тек бақыт тілейміз. Барлық армандарыңыз орындалсын. 2024 жыл тәтті, сәтті жыл болсын! Ізгі тілекпен, Райымбектің отбасы.»
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan