«Кеш YOU» тобының экс-мүшесі Балжан Бидаш бүгінде инстаграм парақшасында белсенділік танытып жүр. Әнші әрі блогер соңғы кездері күйеуінен бөлек пәтерге көшіп, бар уақытын өзінің ата-анасының жанында өткізетін болған. Бидашканың бұлай жүргеніне оқырмандар ажырасып кетті ма деп күдіктенген еді. Тіпті Балжанның күйеуі Жаһан Отарғалиев инстаграм stories-ына мұңды видео жүктеп фолловерлердің ойын сан саққа бөлді.

Актер әрі кинопродюсер Балжанмен үйлену тойларының кадрларымен бөлісіп «Бәрі бітті», — деген жазба қалдырған. Видеодан кейін жанкүйерлердің бір бөлігі оларды ажырасып кетті деп топшаласа, келесі топ – бұл жаңа фильм алды пиар қадам деп болжауда.  Соңғы бірнеше айда Жаһан да, Бидашка да инстаграмда бірге түскен фотосуреттерін өшіріп, бір-бірін фолловерлер тізімінен өшірген. Еске салсақ, жұлдызды жұптың отау құрғандарына 3 жылдан асты.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @bidash_official Автор @nishana.markova

Поделиться: