Соңғы кездері Кәмшат Жолдыбаева басынан орамалын бір елі шешпейтін болған. Сахнадан жиі көрінбесе де, әнші желіде белсенді. Оған қоса Жолдыбаева тұрмысқа шыққалы бері, өнерден біраз жырақтаған. Жарты жылдан бері ақ келін атанған Кәмшат, енді орамалға келіп, дін жолына түспек. Эстрада жұлдызы бұл орайда араб тілінен арнайы курстарға барып жүр. Өзінің жеке парақшасындағы инстаграм stories-ында Жолдыбаева сабағының қалай өтіп жатқанын да көрсетті. Еске салсақ, Кәмшаттың туған сіңілі Алтынай Жолдыбаева да біраз уақыттан бері хиджап киеді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kamshat__zholdybayeva

Поделиться: