Бірнеше күн бұрын үшінші мәрте ана атанған Карина Окусукпаева перзентханадан шықты. Алайда блогер бұл сәтті дүркіретіп емес, тек ет жақындарымен ғана атап өткен. Бір қызығы, Арман мен Карина дәл осы кезде ностальгияға бөленді. 2014 жылы қосылған 2 ғашық, 2024-те 5 адам болып көбейіп отырғандарын көрсетті.

Кенжесімен шаңырағына оралған Карина, тұңғышы мен ортаншы ұлдарын інілерімен таныстырды. Блогерлер отбасы үшін ең эмоционалды сәт осы дерсің. Мәселен, туған бауырын алғаш көрген Алим, көзіне жас алды.

Ал, үшінші рет әке атанған Арман Юсупов болса, жарына деген шексіз махаббаты мен құрметін желі арқылы бөлісті. Блогер ең әсерлі сәттерден құралған видео жасап, жұбайына жүрекжарды лебізі мен алғысын білдірді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @oksukpaevak

Поделиться: