«Дайынсыздар ма?» Дәл осылай Мақпал Исабекова инстаграм парақшасындағы оқырмандарына интрига жасады. Бүгінде декреттік демалыста жүрген эстрада жұлдызы болашақ сәбиінің жынысын анықтады. Әнші екінші бөбегінің кім екенін көрсету үшін аккаунтында бірден ультрадыбыстық зерттеу процессінен видео жүктеген еді. Онда дәрігердің пайымымен Мақпал қызды болатыны көрсетілген.

Фото. Instagram @makosyai

Бұл қуанышты жаңалық Исабекованың парақшасында ұзақ уақыт тұрмады. Әншіге жаңа постын бірнеше сағаттан кейін өшіріп тастауға тура келген. Оған себеп — фолловерлердің кереғар пікірлері.

Фото. Instagram @makosyai


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @makosyai.

Поделиться: