Мақпал Исабекова инстаграм парақшасындағы фолловерлеріне ағынан жарылды. Әнші соңғы кездері жүйкесінің тозғанын айтып, жанының жаралы екенімен бөлісті.

«Осы күнге дейін жарылып кетпеген жүрегім-ай… Аллаһ әйел адамға недеген шыдамдылық берген. Бірақ оның да шегі бар екен. Жүйкем әбден тозып кетті, шаршадым деп айтайын десем, ол сөздің де еш бір қасиеті қалмаған сияқты, еш салмағы…»

Мақпал өмірінде болып жатқан мәселелерді ашып айтпаса да, желіде ойымен бөлісіп оқырмандарынан қолдау күтетінін жасырмайды. Десе де, фолловердің бір Исабекованың шамына тиген. Әнші бұл орайда өзінің жауабын да берді:

«Бүгін бір әйел жазыпты маған: «Неменеден шаршайсың, қарап отырғаның бір бала, бар жағдайың жасаулы». Жауап қайтарған жоқпын, блокка кетті, ондай жазған адамға түсіндірудің өзі босқа кеткен уақытың, нервың.

Олай ойлайтын адамға айтарым: ешкім ешкімнің өмірін, жабық есіктің ар жағында не болып жатқанын, ішіндегі күйзелісті 100 пайыз білмейді, сезбейді де. Біреудің басынан өтіп жатқан жағдайдың қаншалықты қиын жеңіл екеніне баға беруден бас тартыңыз, оның ішіне кіріп шыққандай әңгіме қозғамаңыз, басыңызға түсіріп жүрмесін», — деп Мақпал оқырмандарына ескерту де жасады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @makosyai 

Поделиться: