Мадина Сәдуақасова инстаграм парақшасында жан сырын ақтарды. Эстрада жұлдызы екінші мәрте ана атану туралы сөз қозғады. Ерекше жазба қалдырған өнер иесі, аяғы ауыр әріптестерін құттықтап, өзі де бала көтеруді жоспарлағанын мәлімдеді.

«Көптеген әріптес қыздарымның жақсы жаңалықтарын естіп қуанып жатырмын. Өзім ұзатқан жас қыздар болсын , қатарымдағы өзіммен жасты қыздардың да «тсс, ешкімге айтпай, жар салмай, аман-есен босанып алайын» деп жүргендері де бар», — деп Мадина әріптестерін құттықтады.

Өнер иесі де көптен күткен сүйінші жаңалығымен бөліспек болған.

«Мен де осы уақытқа дейін үндемей, керемет қуанышты жаңалығыммен енді бөлісемін деп жүргенде ол болмай қалды. Жарайды… Әлі уақыт бар. Бұйырар. Барлық сәби күтіп жүрген қыз- келіншектерге дені сау, он екі мүшесі түгел бөпелеріңізді аман-есен босанып алыңыздар. Ең керемет құттықтау осы ғой, шіркін. Бұйырсын». Дәл осылай деген Сәдуақасова ана атану өзіне жұғысты болсын деп тіледі.

Өнер иесінің бұл жазбасына оқырмандары барынша қолдау білдірді:

«Әнуардың артынан сәби сүйіңізші, тілекшімін», «Өзіңізге ұқсаған әдемі қыздың анасы болуыңызға тілектеспін», «Сізге де жұғысты болсын», Жассыз ғой, үмітіңізді үзбеңіз», «Сізге де бұйырсын», – деп жазды фолловерлер.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @sadvakasovamadina

Поделиться: