Белгілі тележүргізуші, кәсіпкер әрі сән әлемінің танымал өкілі Динара Сатжан ақ келін атанды! Медиа тұлға Instagram парақшасында тұрмысқа шыққанын хабарлап, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Еліміздегі ең танымал тележүргізуші некелесу сәтінен фотосуреттер жариялап, шағын үйлену тойы өткенімен де бөлісті. Той кішігірім форматта, тек ет жақындарының ортасында өткен.

Еске салсақ, жыл басында Динара Сатжан тұрмысқа шығуға ұсыныс алғанын хабарлаған болатын.

Фото. Instagram Stories @dinarasatzhan

Фото. Instagram Stories @dinarasatzhan

Сүйіктісінің арқасымен тұрған фотосуретін жариялаған Динара Сатжанға желі қолданушылары жаппай құттықтауларын жаудырып жатыр. Ал кейбірі күйеу жігіттің кім екенін анықтауға тырысып әлек. Фолловерлердің көпшілігі тележүргізушінің таңдауы танымал кәсіпкер, миллиардер Жұмабек Жанықұловқа түсті деп топшылауда.

Айта кетейік, бизнесмен Forbes басылымының мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкерінің қатарында 22-ші орында. Дегенмен Динара Сатжан бұл жайлы әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ, сондықтан жанкүйерлері үшін күйеуінің нақты кім екендігі әлі де ресми түрде құпия күйінде қала бермек.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram. @dinarasatzhan

Поделиться: