Нұржан Керменбаев пен Назерке Керменбаева ELLE Kazakhstan ұсынған романтикалық Mahabbat Quiz жобасының жаңа кейіпкерлері атанды. YouTube платформасындағы шығарылымда ерлі-зайыптылар бір-біріне қатысты фактілер мен қызықты оқиғаларымен бөліседі. Керменбаевтар әулеті өздеріне қойылатын сұрақтар айтарлықтай қиын болса да, барынша шынайы жауап беруге тырысты. Еске салсақ, жұп бір-біріне алдын ала арнайы сауалдар дайындайды.
Бір қызығы, Нұржан Керменбаев көпшілікке танылған сәтте, Назерке 3-сыныпта оқып жүрген.
«Бірінші орында махаббаттан бұрын, сыйластық», — деп жары жайлы айтқан Нұржан, Назеркені анасымен үшінші кездесуде таныстырғаны рас па?
Толығырақ Mahabbat Quiz жобасынан көре аласыздар.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan.