«Аль-Хамду ли-Ллях! Қош келдің, ұлым!» дәл осындай пост салған RaiM оқырмандарынан сүйінші сұрады. Музыкант тұңғыш рет әке атанды. Райымбек Бақтыгереев осылайша Ерке Есмаханның босанғанын мәлімдеді. Еске салсақ, Ерке сәбиі «қыстың аязды бір күні» дүниеге келеді деп жоспарлаған еді. Соған орай, фолловерлер де бөбек қыс мезгілінде өмірге келеді деп топшалаған. Бірақ кішкентай ханзада күзде дүние есігін ашты. Бауы берік болсын!


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan

Поделиться: