Сүйінші! Мақпал Исабекова екінші мәрте ана атанды. Эстрада жұлдызы мұндай қуанышты жаңалықты өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді. Әнші дүниеге кішкентай ханшайым алып келді. «Сәлем, әлем. Біз қызды болдық», — деп оқырмандарынан сүйінші сұраған Макосяй, бөбегінің беті эмоджимен жабылған фотосуретін парақшасына жүктеді. Әзірге балапанның есімі белгісіз. Екі дүркін ананы фолловерлер жарыса құттықтауда. Олай болса, Harper’s BAZAAR Kazazkhstan редакциясы да жаңа туған нәрестенің бауы берік болсын деген ниетте.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @makosyai. Автор. @botaeltaeva

Поделиться: