Балиден сәлем! Әсел Сәдуақасова соңғы кездері Индонезия аралдарына тұрақтағандай. Актриса бүгінде шетелде жаңа ғашығымен бірге өмір сүріп жатыр. Еске салсақ, сылқым санасындағы трансформациядан кейін экс-сүйіктісімен қош айтысқан еді. Көп ұзамай шынайы махаббатын жолықтырғанын айтты. 

Фото. Instagram @asselsadvakassova

Әселдің жаңа ғашығы – Мағжан Тілеухан. Ол – маркетолог! Алматылық серінің инстаграм парақшасында 21,5 мың оқырман бар. Сәдуақасова сүйіктісінен 7 жас  үлкен. Мағжан Әселдің жанында болу үшін Балиге арнайы ұшып барған. Ал, жұптың көңіл жарастырғаны туралы инстаграм парақшаларына салынған бірдей stories-тен байқауға болады. 

Әсел

Фото. Instagram @tleuhanov


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @asselsadvakassova

Поделиться: