Таяуда ғана әке атанған «Ninety One» тобының мембері ZAQ-тың қызына 1 ай толды. Рэпер кішкентай ханшайымының алғашқы мерекесі — қырқынан шығару рәсімін өткізді. Дулат Мұхаметқалиев пен жары Жадыра Абдулжаппарова аталмыш салт-дәстүрді NAZIMA мен ALEM-нің жұбайы Вероника Жанғаловаға сеніп тапсырған. NAZIMA мен Ника Айрин Дулатқызының шашы мен тырнағын алып, ерекше сәтті желіге жүктеді.
«Ninety One» тобының мемберлерімен өнерде әріптес қана емес, өмірде дос бола білген NAZIMA: «Айрин туғанынан K-попер, тіпті GD-дің әндеріне ғана тынышталады», — деп әзілдеп, фолловерлеріне әдемі кештің онлайн нұсқасын ұсынды.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @zaqcount