Жаңа жыл – өзгерістер уақыты. Сондықтан стильді ауыстырудың нағыз шағы осы. Бұл сіздің шкафыңыздағы барлық нәрсені толығымен жою керек дегенді білдірмейді. Бірақ енді ешқашан кимейтін ескі киімдерден құтылып, сәнді заттар алудың тамаша кезеңі.
Егер сіз өзгеріске дайын болып, ескі заттардан құтылып, жаңа киімдер алып, сәнді болғыңыз келсе, төмендегі 10 кеңеске құлақ түріңіз.
1. Бір рет қана киетін киімді сатып алмаңыз
Ондай жағдай бәрімізде кездеседі. Үйлену тойы, туған күн кеші не достармен кездесу болсын, жалпы қандай да бір маңызды іс-шараға барғанда, біз еріксіз жаңа және ерекше нәрсені сатып алу қажеттілігін сезінеміз. Біз әдемі көйлек немесе костюм аламыз, содан кейін ол сол қалпы жатады.
Сондықтан келер жолы бір рет қана киетін киім алмауға тырысыңыз. Одан да әр түрлі іс-шараларға киюге болатын бірнеше затты алыңыз. Және әрқашан оны білгілікт бір әшекей бұйымдарымен толықтырып отырыңыз.
2. Сізге сәйкес келмейтін заттарды сатып алмаңыз немесе сақтамаңыз.
Сіз өзіңізге сай келмейтін нәрселерді бір күні олар қайтадан керек болады деген үмітпен сақтайсыз. Сондай-ақ, кейбір қыздар арықтауға ынталандыру ретінде джинсы шалбар немесе көйлектерді бірнеше өлшем тар қылып алып, кейін олармен не істерін білмей басы қтады.
Бұл ең жаман әдеттердің бірі. Сондықтан одан аулақ болып, сыймайтын нәрсені сатып жіберіңіз, не біреуге сыйлаңыз.
3. Белгілікті бір заттың бағасы арзан екен деп сатып алмаңыз
Үлкен жеңілдіктер жақсы, бірақ егер сізге бұл заттар шынымен қажет болса ғана. Жақсы баға көргендіктен ешқашан бірдеңені сатып алмаңыз.
Қаншалықты қолжетімді зат болса да, егер сіз оны ешқашан киіп көрмесеңіз, бұл ақшаны босқа жұмсау.
4. Жаңа нәрсе сатып алғанда, ескі нәрсені тастаңыз.
Гардеробты дұрыс қалыпта сақтау үшін, әр жаңа нәрсе алған сайын, ескісін лақтырып тастап отырыңыз.
5. Сәнқой достарыңызбен киім ауыстырыңыз
Гардеробыңызды жаңартудың тамаша тәсілі — достарыңызбен киім алмасу. Сіздің шкафыңызда құрбыңызға ұнайтын, бірақ қандай да бір себептермен сізге сәйкес келмейтін киімдер бар екеніне сенімдіміз.
Үлкен топпен киім ауыстыру кештерін өткізіп жатсаңыз да, жай ғана досыңызбен мәміле жасасаңыз да, киім ауыстыру — ақша жұмсамай немесе қоршаған ортаға зиян келтірмей гардероб жаңартудың тамаша тәсілі.
6. Жаңа брендтерді ашыңыз
Бір стильде ұзақ уақыт бойы тұрып қалуымыздың бір себебі-біз белгілі бір дүкендерге жабысып қаламыз және оларда ғана өзімізді жайлы сезінеміз.
Сіз сенетін және жақсы білетін негізгі таңдаулыларыңыздың болуы керемет, бірақ әрқашан сізге ұнайтын көптеген жаңа, таңғажайып брендтер бар.
Сән нарығын жыл бойы зерттеуді жалғастырыңыз, сонда сіз шынымен ерекше, стильді киімдерге ие боласыз.
7. Формаңызды жасаңыз
Стиль туралы ең үлкен қате түсініктердің бірі-сізде бар нәрсеге ұқсас нәрсені ешқашан сатып алмау керек. Бірақ олай емес.
Әрине, ешкім тек 15 көк күрте мен 10 қара джинсы ал демейді. Бірақ негізгі киетін киімдерді тауып, сізге не сәйкес келетінін және не сәйкес келмейтінін білу-стильді адамның жақсы әдеті.
8. Гардеробыңызды жақсы білген дұрыс
Бұл тым қарапайым болып көрінуі мүмкін. Бірақ шкафында көп киімі бар адам, ұмытып қалуы да мүмкін. Сондықтан, дүкенге бармас бұрын, сіздің шкафта не ілулі тұрғанын және сізге не жетіспейтінін нақты түсінген жөн.
9. Жалдау қызметімен танысыңыз
Сатып алудың орнына жалға алу — кеңістікті толтырмай, стильді гардеробқа ие болудың тамаша тәсілі.
Бұл тәсілдің тағы бір артықшылығы — сіз әдеттегі стильді жайлылық аймағынан шығып, дүкенде сатып алу өте қорқынышты болатын керемет нәрселерді таба аласыз.
10. Капсулалық гардеробты бағалауды үйреніңіз
Шынайы стильді болу үшін сізге үлкен бюджет немесе дизайнерлік киімдерге толы үш үлкен киім бөлмесі қажет емес.
Сізге шынымен қажет нәрсе — дұрыс, ақылды шешімдер қабылдау және сізді керемет сезінетін нәрсені ғана сатып алу.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @katieshaa; @shepelevich; @thejodietelford; @tamunatsiklauri.