Ерке Есмахан инста оқырмандарына үлкен тойына қатысты жауап берді. Әнші күйеуі Райммен ұлан-асыр шараны жасамауға шешім қабылдағанын айтып, бұл тақырыпқа нүкте қойды. Таяуда ғана заңды некелерін қиған жас жұбайлардың той жасамауына себеп то жоқ емес. Ерке бұл мәселеде өз ойын былай білдірді:
«Той болмайды! Ақылдаса келе солай шештік. Біздің той тағы у-шу, телефон ұстаған қонақтар, прямой эфирлер, тағысын тағы, уже ойласам шаршаймын. Тойсыз-ақ бақытты жанұя болып, балалы болып, 10-15 жылдық той жасармыз Алла қаласа.» — , деген ниетте Ерке мен RaiM.
Десе де, Ерке той жасамаса да, сүйіктісімен арнайы фотосессия ұйымдастырмақ. «Ол өзіміз үшін естелік болып қалады», — дейді ғашықтар.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan