Дарья Александрова үшінші рет ана атанды. Актриса Instagram парақшасында жағымды жаңалығын бөлісіп, сүйінші сұрады. Бүгінде тележүргізуші әрі блогер ретінде танымал өнер иесі қызды болды. Даша: «Расул екеуіміз бүгін түнде ата-ана атандық, көрімдікті шотыма жібермеңдер, себебі салық төлеп жүретін жайым жоқ», – деп әзілдеп жазба жариялады.
Айта кетсек, Дарья толғағы келгенше дәл осы салық мәселесімен айналысып жүрген болатын. Актриса әлеуметтік желіде белсенділік танытып, барлық процесті өз жеке аккаунтында бөлісіп келеді.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @dariya_aleksandrova