Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағандарын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – кино және театр актрисасы Айсұлу Әзімбаева.

Айсұлу Әзімбаева – нағыз талант. Кино және театр актрисасын түрлі амплуада көре аласыз. Бала күнінне бастап актриса болуды армандамаса да, көрермен алдында өзін дәлелдей алды. Оның экрандағы дебюты – 2010 жылы «Әсел және оның достары» тележобасында болған еді.

2015 жылдан бері театр саласында да қызмет ететін Әзімбаева, жастайынан спортқа және математикаға жақын болған. Актрисаның негізгі мамандығы да дәл осы салаға қатысты. Ол – қаржы сапашысы.

Айсұлудың талай жылдан бері өнерде жүріп, мінсіз мүсіні мен әдемілігін сақтап қалуының сыры – спорт. Салауатты өмір салтын ұстанатын актриса альпинизмді жаны сүйеді. Бүгінде өнер иесі театр саласында продюсерлікті қолға алған.


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Поделиться: