Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan ұжымы шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағанын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – кино және театр актрисасы Бақытгүл Серікбаева.
Отандық фильмдер мен телехикаялар арқылы танылған Бақытгүл Серікбаева бүгінде – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының белді актриасы. Жас болса да, өзінің талантымен талай көрерменнің жүрегін жаулаған өнерпаз шығармашылықты 2017 жылы бастаған. БаконАйдың алғашқы тәжірибесі үлкен кинода болса, актриса театр сахнасында 2020 жылдан бері өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Серікбаеваны инстаграм парақшасында 35 мыңға жуық фолловер бақылап отырады.
Бақытгүлдің ауқымды жобаларының бірі — «Дос-Мұқасан» фильмі. Оған қоса, жас актриса «Бозторғай», «Жедел жәрдем», «Қашан туасың?» сынды телехикаялардың басты кейіпкері.
Серікбаева талантынан бөлек, өзінің сұлулығымен көптің көзайымына айналды. Өнерлі ару табиғилық — бет күтімін уақытылы жасағанның арқасы дейді. БаконАй парақшасында тіпті, нәзік жандыларға арнап бет-келбетке күтім жасауға кеңестерін де беріп отырады. Ескі және жаңа фотосуреттердің айырмашылығына қарап, жылдар өтсе де Бақытгүлдің еш өзгермегенін байқай аласыз.
Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.