Жұлдыздардың танымалдыққа дейінгі өмірі әрқашан қызық, әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолына қалай келгенін білуге құмар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына шолу жасап, олардың бүгінгі күнге дейін қалай өзгергенін көрсетпек. «Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» атты немесе «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – жас актер Дамир Амангельдин.

Дамир Амангельдин – қазақ кииноиндустриясының ғана емес ТМД елдерінің жарық жұлдызына айналды. Халықаралық ауқымды жобаларда бой көрсетіп жүрген жас актер шығармашылығын КВН саласынан бастаған. Тіпті ол әзіл бағытында 3 жылдан астам стендапер ретінде өнер көрсеткен. Дамирдың жоспарында «Stand-Up»-ты Ресейде де қолға алу.

15 жасынан бастап кино салада жүрген Дамир бүгінде Ресейдегі театр өнерінің институты  — ГИТИС-та білім алады. Ол студент атанған шағында түрлі аспаптарда ойнауды да меңгерген. 2016 жылы Астана қаласындағы «Graviton» академиялық шығармашылық студиясының мүшесі атанған.

Соңғы бірнеше жылда өз көрерменін тапқан Дамир Амангельдиннің бағындырар асуы әле алда. Мәселен, 2025 жыл — актердың жылы болмақ. Себебі Дамирдың қатысуымен 8 жоба жарық көреді. Оның 7 қазақстандық фильмдер мен телехикаялар болса, 1 ресейлік туынды. Олай болса, талантты отандасымызға сәттілік пен шабыт тілейміз!


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Поделиться: