Ерке Есмахан мен Raim бүгінде Ұлыбритания елінің астанасы Лондонға демалысқа аттанған. Қос ғашық дәл осы елге жиі баруды әдетке айналдырған. Демалыстан зеріктім деген Ерке оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Әнші фолловерінен түскен мына сауалға өзінің пікірін білдірді.
«Қазір ажырасу көп, Мәңгі бірге болыңдар сендерден махаббат сезіледі», — деп Еркенің оқырманы жазған-ды.
«Иә, алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Сол үшін абайлап сөйлеп, аңдап басқан жөн. Алланың өз есебі бар. Мен өз темамды айта кетейін. Қарап тұрсаңыздар біздің жас аралығымызға көп тиіседі. Мысалыға жастары қатарлас, күйеуі немес әйелі жас жұптар мәңгі бақи бірге болады, бақытты болады, ажыраспайды деген қағида жоқ қой?! Өмірде куә боп жүрсіздер неше түрлі тағдырға. Бұл дегенім қыздар жас жігітке күйеуге шығыңдар дегенде емес. Просто бақыттың кілті жасқа, ұлтқа байланысты емес дегім келеді. Жүректің тыныштығын, сыйластықты, құрметті, түсінікті, іңкәрлікті ұштастыру оңай емес. Ал махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы деген екен. Барлығы екі адамға байланысты. Жанұя болу үлкен еңбек», — деп Есмахан шынайы жауап беруге тырысты.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan