Соңғы уақытта жігіттер қыздармен жеке танысуды доғарғандай әсер қалдырады. Бұл тұжырымды жуырда жарияланған зерттеу нәтижелері де растайды. Medium басылымының хабарлауынша, Z буынына жататын, яғни 18 бен 25 жас аралығындағы ер адамдардың 45 пайызы өмірінде ешқашан бірде-бір қызбен өз бетімен сөйлесіп көрмеген. Мамандардың айтуынша, бұған себеп тек сенімсіздік немесе “қатты қорқу” емес. Жігіттердің 30 пайызы өздеріне ұнайтын, кездесуге шақырғысы келетін қыздарды кездестірмегенін айтқан. Яғни, оларға тартымды көрінетін арулар аз.

Сонымен қатар, танысуға кедергі келтіретін басқа да факторлар бар. Мысалы, ер адамдардың тек ер азаматтардан құралған ортада жұмыс істеуі немесе шектеулі әлеуметтік шеңбері – жаңа адаммен танысу мүмкіндігін азайтады. Ал тығыз жұмыс кестесі мен бос уақыттың тапшылығы мұндай жағдайларды тіпті сиретіп жібереді.

Фото. Shutterstock.com. Автор. fizkes

Қыздар жағынан алғанда, бейтаныс жігіттің танысуына жауап бермеудің басты себебі – тек сырт келбет емес. Иә, 16 пайызы жігіттің тартымсыз болғанын айтқанымен, көпшілігі белгісіз адамның шектен шығуы мүмкін деп қорқатынын немесе жеке кеңістігінің бұзылуынан қауіптенетінін жеткізген. Осылайша, бүгінгі таңда жігіттердің қыздармен бетпе-бет танысудан бас тартуы – әлеуметтік, психологиялық және мәдени факторлардың жиынтығы екенін байқауға болады.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Shutterstock.com. Автор. Anucha Naisuntorn

Поделиться: