«Енді үйдегі главный кісі – Зейін!» Әли Оқапов анасы Розы Рымбаеваның немересіне деген махаббатымен желіде бөлісті. Ерекше видеода Қазақстанның Халық әртісі тұңғышымен түскен портретті алып тастап, орнына немересі Зейінмен түскен суретін іліп қойған. 

«Немереге қарсы тұру мүмкін емес!»: Әли Оқапов анасының Зейінге деген махаббатын көрсетті!

Фото. Instagram @aliokapov

«Немереге қарсы тұру мүмкін емес. Ең болмаса лақтырмаңдаршы, портретті өзім алып кетемін», — деп пост қалдырған Әли, енді «официально боқ сасып қалдық», — деп қалжыңдады.  Ал Мәди Рымбаев болса, бұл әзілге «Енді біз тек анамыздың музыкасын өңдейтін адамдармыз» , —деп пікір қалдырған. 

Видео. Instagram @aliokapov

Бұған дейін, жеке өмірін жасырып келген Әли енді әлеуметтік желіде белсенді. Әнші үйлену тойы мен ұлының өмірге келгеніне де құпия ұстаған еді. Енді Оқапов Зейіннің әрбір сәтін бесік тойдан кейін фолловерлерге көрсетуге дайын. 

Әли Оқапов

Фото. Instagram @aliokapov


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото и видео. Instagram @aliokapov