Отандық жұлдыздардың балалары мектеп табалдырығын аттады. 1-қыркүйек білім күні шоу-бизнес өкілдері ұл-қыздарын жетектеп оқу ордасына апарғандарын желіде мәлімдеді. Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясы төмендегі материалда медиа тұлғалардың оқушы атанған балаларымен таныстыратын болады.

Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның екі бірдей атұстары биыл ресми оқушы. Блогерлер отбасы Алим мен Тиманы жылына қомақты қаржы талап ететін «Tamos Education» білім ордасын берген.

«Шырылдаған тыным алмай,

Қоңыраудын үні қандай,

Мақсатына жетеме адам,

Оқу оқып білім алмай.

1 қыркүйек — білім күні, құтты болсын!»,Аша Матай өзінің инстаграм парақшасында барлық оқушылар мен ұстаздарды білім күнімен құттықтады. Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың қызы Асылым биыл екінші сыныпқа барды. Ерлі-зайыпты тұңғыштарын қолдап, мектептің ұйымдастырған салтанатты шарасына арнайы қатысып қайтты.  

Аша Матайдың қызымен қатар Айнұр Ілиясованың ханшайымы да бір мектепте оқымақ. Айнұр Ілиясова: «Дакең міне 2-сынып оқушысы атанды. Барлық оқушыларды және ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Терпение родителям» — деп желіге пост жариялап, ата-аналар болып түскен ортақ фотосуретін жүктеді.

Ғалымжан Молданазардың қос ұлы да оқушылар қатарында. Музыкант атұстарларының сыныбындағы партада отырған фотосуретін желіге жария етті. Осылайша, Ғалым балаларына сәттілік жолдады.

Кино жұлызы Шерхан Пірназар мен жары Айжан Жұмабектің тұңғышы биыл мектеп табалдырығын аттанды. Актердың әліппе арқалаған Әдемі есімді ханшайымы мектеп алды даярлық тобына қосылған. Жұлдыз жұп қыздарын барынша қолдауға тырысып жүр.

«Қадамың құтты болсын, балам», — деп өзінің жылы лебізін білдірген ананың бірі Динара Қырықбаева. Әншінің ұлы биыл мектеп табалдырығын аттап отыр. Олай болса, білімі ұштала берсін деп тілейміз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @oksukpaevak

Поделиться: