Аша Матайдың денсаулығы сыр берді. Танымал тележүргізуші әрі актриса инстаграм stories-ында дәл осындай жағымсыз жаңалықпен бөлісті. Аша 5 күн қан қысымының көтеріліп түсуіне байланысты жедел жәрдем шақырған. Медиа тұлға мұның барлығы 3 айлық күйзелістің салдары дейді.
«Үш айлық күйзеліс пен бес күн қан қысымның көтеріліп-түсуінің нәтижесі. Жедел жәрдем қызметкерлеріне рахмет. Бір күнде екі рет шақырттым. Қан қысымым түсіп кете береді. Мен үшін дұға етіп қойыңыздаршы. Күш-қуатым әлсіреп, бірқатар анализ тапсырдым. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай, мен сынбаймын. Сынуға құқым жоқ. Менің екі кішкентай балам бар. Оларға дені сау, бақытты ана керек. Біздің денсаулығымыз бен балаларымыз – аманат», – деп жазды Аша Матай.
Аша Матай денсаулығы сыр берсе де, мойымау керек екенін айтады. Актриса екі қызыма дені сау әрі бақытты ана керек деп отыр. Сондықтан Аша ауруға уақыт жоқ дейді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @asha_matai