Данелия Тулешова Brookline High School-дің түлегі! Әлемді өзінің әсем дауысымен түрлі музыкалық байқауларда мойындатқан жас әнші биыл АҚШ-тағы оқуын бітіріп, диплом алды. 18-шілде күні 18 жасқа толатын өнерпаз біраз жылдан бері Америка Құрама Штаттарында тұрақтаған болатын. Бүгінде Данелия елге қайта оралған. Кішкентайынан бастап ән айтып көпшілікке танылған бойжеткен соло мансабын тоқтатқан жоқ. Тулешова шетелде жүрсе де, репертуарын толықтырып, түрлі контент түсіріп жүрді.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @itsdaneliya

Поделиться: