Жеке шығармашылығы шарықтап тұрған сәтте ALEM қол қусырып отырған жоқ. Музыкант кезекті әнінің тизерін ұсынып, тыңдармандарын қуантты. Соло әртіс ретінде жарыққа шығарған тректері («Daiynbyz ba?», «Kuiіm», «AURA») бірінен соң бірі хит болып, бүгінде музыкалық чарттарда үздіктер қатарында көш бастап тұр. Батырхан Мәлік ізін суытпай, «Elestet» атты жаңа сингл жазды. Батыр 28 наурыз күні тұсауы кесілетін бұл туындының да трендке шығатынына сенімді.

ALEM сондай-ақ, жаңа әнге арнап бейнебаян да таспалаған. Өнерпаз клипте тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын қозғаған.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @xcialem