Ерке Есмахан мен RaiM алданып қалды. Ерке отбасынан қомақты қаржы ұрланғанын инстаграм парақшасында мәлімдеді. Әнші тіпті күйеуімен бірге алаяқты сотқа береміз деп бекініп отыр. Бұл туралы Есмахан оқырмандарына арналған сұрақ-жауап айдарында айтты.
«Жолдасым екеуміз бір мәселені өзара жылы жапқымыз келген. Бірақ сотқа жүгінуге тура келіп тұр. Біздің таза еңбегіміздің ақшасын қалтасына басып алып, түк болмағандай намыссыз жүр бір еркексымақ. «Ұрлық түбі – қорлық», — дегендей осы істі аяғына дейін жеткізу керек болып тұр. Басқа амал жоқ. Қомақты сумманы бізден ұрлағанын адвокатқа мойындағанымен, ақшаны орнына қоймай жүр. Енді қылмыстық іс қозғап, заңмен қудалайтын боламыз. Егер оңынан шешілмесе, бәрін айтып беремін», – деп Ерке бүгінгі басты мәселесімен бөлісті.
Сондай-ақ әншіге ауыр сөз айтып, пікір жазған оқырмандарды да жазалайтынын ескертті.
«Маған неше түрлі сөз жазатын апалармен мәселені шештім. Апалар өз қателіктерін түсініп, кешірім сұрады. Басқаларға сабақ болды. Табиғатымнан кек сақтамаймын. Әркім қателіктен сабақ алуы керек. Бәрі жақсы», – дейді Ерке.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan