Еркебұлан Күрішбаев пен Әсия Оспанова ELLE Kazakhstan ұсынған романтикалық Mahabbat Quiz жобасының жаңа кейіпкерлері атанды.  YouTube платформасындағы шығарылымда ерлі-зайыптылар бір-біріне қатысты фактілер мен қызықты оқиғаларымен бөліседі. Еске салсақ, Еркебұлан Күрішбаев — QARA Studios шығармашылық орталығының продюсері болса, Әсия Оспанова талантты new school әнші.

Ғашықтарға қойылатын сұрақтар айтарлықтай қиын болса да, олар барынша шынайы жауап беруге тырысты. Жобада жұп бір-біріне алдын-ала арнайы сауалдар дайындайды. 

Бір қызығы, Әсия 3 жыл отбасылық өмірде күйеуінің продюсерілігімен таспаланған бейнебаяны жоқ екенін мойындады. Әнші өздеріне айтылатын дәл осындай қауесеттерге нүкте қойғысы келгендей.

Толығырақ Mahabbat Quiz жобасынан көре аласыздар.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: