Биыл шоу бизнесте – отау құру жылы! Ұзақ уақыттан бері жалғыз жүрген жандар өмірлік қосақтарын жолықтырып, жұптасып жатыр. Тізімге Жанар Дұғалова да қосылды. 36 жасқа келген әнші алғаш Тимур Балымбетовтен сүйінші сұрап, сұқбатта ақ келін атанатынын мәлімдеді. Бұған дейін жеке өмірі жайлы жақ ашпайтын өнер иесі өміріндегі маңызды жәйтті жарияға жар салуды жөн санаған. Оған қоса «қашан тұрмысқа?» шығасыз деген толассыз сұрақтар да Жанарды шаршатқан-ды. Әзірге сылқымның болашақ жары жайлы ақпарат жоқ. 

Жанар Дұғалова

Еске салсақ, әнші араға жылдар салып актрисалықты қолға алды. 9-ақпаннан бастап Дұғалова басты рөлде ойнайтын «Умри или Вспомни» картинасы үлкен экрандарға шықты. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: